Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жігіт Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді.
Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.
Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.
Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды.