13:01, 17 Сәуір 2009
Алматыда 179 тарихи-мәдени ескерткіш бар
АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 179 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Үлкен мегаполис жағдайында ескерткіштерді қорғау мәселелері» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық мәдениет басқармасы ұйымдастырған бұл шара Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне арналып отыр. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры Карл Байпақовтың айтуынша, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жиналған жәдігерлер қала мұражайына беріліп, ғылыми -зерттеу жұмыстарының нысанына айналмақ. Жалпы, қазіргі таңда Алматыда 179 тарихи- мәдени ескерткіш бар. Оның 99-ы сәулет, 52-сі монументальдық өнер ескерткіші. Бұл монументальдық өнер ескерткіштерінің 28-і республикалық маңызға ие.