«Жылу желісіндегі апатқа байланысты Мендеқұлов көшесі бойындағы диаметрі 800 мм болатын су құбыры және Снегина көшесінің бойындағы диаметрі 300 мм су құбыры істен шықты. «Самал-1», «Самал-2» және «Самал–3» шағынаудандары мен Қажы Мұқан – Достық – Чайкин – Омаров – Байжанов көшелерінің бойындағы үйлер ыстық су мен жылудан ажыратылды», - деп хабарлады Медеу ауданы әкімдігінен.
Әкімдіктің хабарауынша, барлығы 180 үй ажыратылған.
Апат салдарын жою жұмыстарын «АлТС» ЖШС жүргізуде. Ыстық су және жылу беру жақын уақытта қалпына келтірілмек.