Айтуынша, қаладағы 183 мектептің жанындағы лагерьлерде жарты күн өткізуге болады. Сонымен қатар, демалыс қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлерінде жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, 1-21 маусым аралығында Алмалы және Медеу аудандарында тұратын 1 030 бала «Спутник» балалар сауықтыру орталығында демалды. «ГауһарТау» сауықтыру кешеніне Жетісу мен Наурызбай аудандарынан тағы 180 бала келді.
«Жанұя» мамандандырылған кешенінде тәрбиеленіп жатқан 90-нан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір ай бойы Оқушылар сарайының «Өрнек» жазғы лагерінде демалды. Тамыз айында Алматы SOS балалар ауылының 43 тәрбиеленушісі «Спутник» балалар сауықтыру орталығында демалады», - деді Ләззат Жылқыбаева.