Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, мегаполисте коламбус, абба, династия, раушан, эхинацея, күндізгі гүл, лаванда, шалфей, мискантус, гортензия, бегония, петунья, герань, таггетис, сальвия және өзге де өсімдіктер отырғызылады. Алматы қаласын декороативті гүлдермен көгалдандыру бес жылда бір рет жаңартылады.
2022 жылдың күзгі кезеңінде жалпы ауданы 15 469 шаршы метрге баданалы гүлдер отырғызылды.
«Ауа райы қолайлы болса қызғалдақтар мамырдың ортасына дейін гүлдейді. Қызғалдақтар гүлдеп болған соң, біржылдық және көпжылдық гүлзарларды отырғызу жұмыстары басталады. Бүгінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Олардың қазіргі үлесі – 60 %», – деп хабарлады қала әкімдігі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында қаланы декоративті көгалдандыру жұмыстарына 400-ге жуық адам және 50-ден астам техника жұмылдырылды.