Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіре берістеріне мұз ерітетін ұнтақтар шашылды, жауған қар сыпырылды. Жалпы, бүгін көктайғаққа қарсы 2 120 тонна материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жерүсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қарды тазарту таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жүргізілді. 2720 текше метр қар қала сыртына шығарылды.
Қар тазалау жұмыстарына 611 бірлік арнайы техника, 205 құмшашқыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қардан тазарту жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.
Ауа температурасы бүгін күндіз 0, 2 градус, тұман, көктайғақ.