АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2 748 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 748 қатысушысы ұсталды.
131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
«Өткен тәулікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.