Алматыда 2 автобус соғылып, 9 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі автобустың соқтығысуынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы Шəріпов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында  болған.

Куəгерлердің айтуынша, 25 автобус жүргізушісі Шəріпов  көшесімен солтүстікке бағыт алған.  Солға бұрылатын кезде қоғамдық көлік жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалып оңтүстік бағытта келе жатқан № 2-ші автобуспен соқтығысқан. Жол апатында 9 адам зардап шекті. Кейінірек тоқтап тұрған көліктерге Тойота көлігі келіп соғылған. Жеңіл көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Жол апатының жай жапсарын полиция тексеріп жатыр.