Алматыда 2 автобус соқтығысты, 6 адам жапа шекті

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Алматының Әуезов ауданында Төлеби және Саин көшелерінің қиылысында кеше,

сағат 14.35-те екі №85 «Мерседес» және №65 «Daewoo» бағыттық автобустар соқтығысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты салдарынан 6 жолаушы зардап шекті: 19, 25, 51, 42 жастағы нәзік жандар, 25 жастағы жігіт, 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген 11 жолаушы ауруханаға жатудан бас тартты.