Жол апаты қаланың солүстік айналма жолында болған. Солтүстікке бағыт алып келе жатқан Toyota жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалып, қарсы бетте келе жатқан Hyundai көлігіне бетпе-бет соғылған.
Жол апаты салдарынан Hyundai жүргізушісі түрлі жарақат алды. Ал 25 жастағы Toyota жүргізушісі сол жерде тіл тарпай кетті.
Полиция жол апатының жай-жапсарын анықтап жатыр.