Алматыда 2 күн ішінде қоғамдық көліктер 366 рет жол ережесін бұзды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД 28-30 шілде аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Екі күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 366 рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 116 жүргізуші жолда қауіпті бұрылыстар жасаған. 64 жүргізуші телефонмен сөйлесіп, 9-ы жаяу жүргіншілерді өткізбеген. 9 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 8 адам көлікті рұқсатсыз жабдықтаған, 8 жүргізуші рұқсатсыз жолаушы тасымалдаған, 4 автобустың техникалық қарау қағазы жоқ болып шықты.

Қалалық автопарктің 1 лауазымды тұлғасы көлікті қажетті техникалық қараусыз пайдалануға бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.