Алматыда 2 мың жұмыс орнын құрайтын сауда орталығы ашылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Түрксіб ауданында жалпы алаңы 40 мың шаршы метрден асатын «Mart Village» жаңа сауда- фермерлік орталық ашылып, нәтижесінде 2 мың жұмыс орны пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпрат тілшісі.

Жаңадан ашылған сауда нысанында болған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бұл оқиғаны өркениетке көшірудің  қадамдарының бірі деп атады. 

«Алматы - сауда-саттықтың қаласы, барлық кәсіпорындардың 30%-ы істің осы түрімен қамтылған, мегаполистің ЖІӨ-нің 32%-ын сауда құрайды, сондықтан біз үшін кәсіпкерлерге жағдай жасау және екінші жағынан тұтынушы сұранысын ынталандыру өте маңызды. Заңсыз, жабайы саудадан,  өрт қауіпсіздігі,  санитарлық нормалар  сақталмайтын базарлардан заманауи, жайлы сауда орталықтарына көшкен жөн, өйткені  бұлардағы әрбір кәсіпкер салық төлейді», - деді әкім.

Мегаполис басшы салықтардың әлеуметтік міндеттерді орындауға және тұрғындар мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуде, конвертпен ақша алатындар әлеуметтік жағынан қорғалмағандар, ертеңгі күні оларға ауруханалар қызмет көрсетпейді,  өйткені  еш жерде тіркелмеген», -деді  ол.

Жалпы, 2015 жылдан бастап, 13 базар жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы да 6-ы қайта жасалады. «Mart Village» аумағында фермерлік базармен қоса 450 киім, аяқкиім, үй тауарлары, бақша магазиндері, құрылыс материалдары, элетроника мен тұрмыстық техника гипермаркеттері бар. Жақын маңда 900 орындық жер үст паркингі қарастырылған. Mart Village жобасына барлығы 6 млрд теңге инвестиция салынған. Оның 4,52 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктің несиесі.

«Біз сирек кездесетін және құнды тауар болса орынды жалға тегін береміз, сонымен қатар сауданың стационарлық емес обьектілерінің иелеріне жеңілдетілген жағдайда орындар ұсынамыз», -  деді жаңа сауда орталғының директоры  Руслан Ерекешов.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Алматыда «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 3,2 млрд теңге бөлінген. Бөлінген қаржы толығымен игерілген. Аталған бағдарлама аясында 2016 жылы 306 жоба мақұлданып, 198-не демеу қаржы бөлінген. 2017 жылы 31 шілдедегі мәлімет бойынша аталған мембағдарлама бойынша 73 жоба мақұлданып, 16,98 млрд теңге неисе берілген.  

2015 жылы аталған бағдарлама бойынша 142 жоба мақұлданып, оынң 91-і 30 936 млрд теңге көлеміне несие алған. Жалпы мемлекеттік қолдау 6,2 млрд теңгеге жеткен. Осы жұмыстар аясында 2 419 жұмыс орны құрылған.

Түркісіб ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы ауданда өнеркәсіп өндірісі 6,5 пайызды құрап, орташа жалақы құны 160 мың теңге болған. Ауданда 4200 жұмыс істеп тұрған компания тіркелген. Оның 47-сі ірі және орта өнеркәсіп орындары. Ауданда 42 жоба мақұлданып, 54 млрд теңге бөлінген. «Mart Village» мемлекеттен несиелік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеме мен несие кепілдендіру бойынша демеу қаржы алған.