«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Алматы магистралды газ құбырларын басқару басқармасы» бөлімшесінен хабарлағандай, тұрғындар көгілдір отыннан уақытша ажыратылады. Бұл, жақында ашылған қоқыс өңдеу кешенінің газ құбырларын қысымы Ø720 болатын жерасты құбырына жалғау жұмыстарымен байланысты.
«Момышұлы - Ақын Сара - Байзақ Батыр - Қалқаман көшелері, сондай-ақ «Алматы-Бішкек» тасжолының 2-19 шақырымы шаршысындағы 1916 жеке үй мен 845 ұжымдық секторға көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады. Газ 2,5 тәуліктен соң қосылады. Жер қазу жұмыстары Алатау ауданының Алғабас ауылындағы Ақсай -Абай көшелерінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.