Оның айтуынша, Алматы полициясы жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Патрульдік полиция полкі құрамының 50% қаланың көшелері мен аулаларына бағыттау туралы шешім қабылдады.
«102 патрульдік аймақ анықталды. Қалада жалпы 2020 патрульдік бағыт жасалған, олардың 478-іне шолғындау автокөлікпен, 1487-іне жаяу жүргізіледі. 550 бағыт бойынша екі ауысымда 2 мыңнан астам полиция қызметкері күн сайын қоғамдық тәртіпті күзетеді. Жаяу патрульдеу енгізілген сәттен бастап аталған аймақтарда қылмыстарды тіркеу 16,5% азайды», - деді Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар ол тәртіпті сақтауға 1 қоғамдық құрылым мен әртүрлі ұйымдардың 7 командасы қатысатынын атап өтті. Олардың көмегімен 39 қылмыс ашылып, 4 214 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.