«14 ақпан күні 3067 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 14 ақпаны аралығында қалада 1 080 772 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 046 619 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 337 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 49 461 адам салдырды. Оның ішінде 2 577 жүкті әйел, 10 866 бала емізетін ана және 36 018 жасөспірім бар.
Ревакцинациядан 210 778 алматылық өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.