«Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізіп, асхананың ішінде жасырын жұмыс жасап тұрған ойын автоматтары залын анықтады. Тексеру кезінде 22 ойын автоматтары анықталып, алынды», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, келесі күні жүргізілген шаралар барысында қала дәмханаларының бірінде 29 ойын аппараты бар тағы бір жасырын ойын автоматтары залы анықталып, жойылған.
«Ұйымдастырушыларды ізін суытпай анықтау және ұстау мүмкіндігі болмады. Оператор-кассирлерге қатысты «ешқайда кетпеуі туралы» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізілуде», - деді Н.Ораз.