Бұған дейін хабарланғандай, 30 қараша күні түскі сағат екіде, Алматы қаласының Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, соның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық сусық қалды.
ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, 1 желтоқсан күні, таңертеңгі сағат 8-де апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға «Жылу» ЖШС-ның 20 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.