«Алматыда оқу жылының басында жедел штаб құрылды. Менің кеңесшім Айсұлу Ерниязова осы мәселені Алматыда бақылап жүр. Себебі түйткілді мәселе Алматыда қалыптасып отыр. Өңірлерде 14 мың төсек орын (жатақхана орны – ред) бос қалуда. Ал Алматыда керсінше 19-20 мың төсек орны жетіспей тұр. Неге десеңіз, ол жерде 35 жоғары оқу орнында бүкіл елдегі студенттердің 30 пайыздан астамы шоғырланған. Олардың өзінің 70 пайызы басқа өңірлерден келген»,-деді ведомство басшысы.
Оның пайымынша Алматының қазіргі жағдайы үлкен қалалардың көбінде кездеседі.
«Бұл негізі үлкен қалалардың ортақ проблемасы. Сондықтан сол жедел штабқа сіздердің де көмектеріңіз керек. Кез келген отбасы, кез келген бала далада қалып қойған жағдайда жедел штабқа тезірек хабарлассын. Желі 24 сағат жұмыс істеуде», - деді Саясат Нұрбек.
Фото: t.me/KZgovernment