Алматыда 20 жылдық үзілістен соң жаңа балабақша пайдалануға берілді

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы жаңа құрылған Алатау ауданында қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен жаңа балабақша ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шаңырақ ықшам ауданында ашылған мектепке дейінгі бұл білім беру орны 120 балаға арналған. Ғимараттың жалпы көлемі 1800 шаршы метрді құрайды. Аудан тұрғындарының көпшілігі қазақ тілді болуына орай, балабақша қазақ тілді болмақ. Балабақша музыкалық зал, асхана, медициналық кабинетпен жабдықталған. Ерекше атап өтерлігі ? балабақша мектепке дейінгі балаларға арналып, соңғы 20 жылдан бері тұңғыш рет пайдалануға берілген нысан. Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, балабақша құрылысына республикалық бюджеттен 216 миллион теңге жұмсалған. Ол сондай-ақ қалада қазіргі кезде 7 балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын, оның үшеуі 1-ші тоқсанда, қалғаны жыл аяғына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.