Қазіргі кезде 44 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 10 көшеде аяқталды. Қалған көшелерді мамыр айының аяғына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Қала жолдарын жөндеу үшін 370 жұмыс орны құрылды, 33 бригада мен 143 арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде 66 мың шаршы метрден астам жерде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, 683 люк көтерілді, 520 қума метр бордюр тастары реттелді.
Сондай-ақ, Саин-Торайғыров көшесі, Райымбек даңғылы – Розыбакиев көшелеріндегі жолайырықтар жөнделіп жатыр.
Бұлардан өзге, Ясауи көшесінен «Таусамалы» кентіндегі Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықтағы Алматы көшесінің 1,2 шақырымын реконструкциялау жүргізілуде.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді сүру және жолды кеңейту жұмыстары атқарылуда.