Оның ішінде 1-компонентін 1 205 адам, 2-компонетін 2 080 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 15 ақпаны аралығында қалада 1 127 582 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 079 995 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 443 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 49 952 адам салдырды. Оның ішінде 2 648 жүкті әйел, 10 962 бала емізетін ана және 36 342 жасөспірім бар. 214 372 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.