деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жобаны амарыдың 5-інде Мемлекет басшысы мақұлдаған еді. Ұлттық жоспар Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің және Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы Елшілігінің техникалық жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке таралыммен кітап ретінде басылып шықты.
Тұсаукесер рәсіміне ҚазҰУ-нің ректоры Б. Жұмағұлов, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы С. Тұрсынов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдуманов, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілі Хаолянь Шу қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Кездесу барысында Ұлттық жоспарда адам құқықтары жөніндегі ұлттық заңнаманың салыстырмалы талдауы, мемлекеттік органдар қызметінің бағасы, құқықтық саясатты, ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын Қазақстан ратификацияланған адам құқықтары саласындағы халықаралық фактілер мен конвенциялар нормаларына сәйкес одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен нақты іс-шаралар бар екені атап өтілді.