Алматыда 2011-2012 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды

АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат -  Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін 2011-2012 жылдардағы жылу маусымының қорытындысына қанағаттанарлық деген баға берді.

  Сондай-ақ құзырлы мекемелер мен жауапты тұлғаларға жаңа тапсырмалар жүктеді.

   ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министріБақытжан Жақсалиевтің айтуынша, бұл еліміздің оңтүстік аймағындағы өткен жылу маусымының қорытындылауға арналған алғашқы шара. Алдағы уақытта мұндай шаралар өзге өңірлерде де жалғаспақ. Бұл нақты ахуалмен танысуға және алдағы уақытта шешімін күткен өзекті мәселелерді анықтауға өз септігін тигізеді.

А. Есімов отырыс барысында  орынбасары Ербол Шормановқа алдағы жылу маусымына дайындық штабын құруды тапсырды. Аудан әкімдеріне  тұрғын-үй қорын  жаңа жылу маусымына әзірлеудің кестесін жасап, штабқа апта сайын есеп беруді міндеттеді. Ал коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің басшыларына нақты жұмыс жоспарын жасап,  дебютерлік қарызы бар мекемелерге 1 маусымға дейін оны 50 пайызға дейін азайтуды тапсырды.