Алматыда 2016 жылдың басында Sturbucks екі кофе дәмханасын ашады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың басында Алматыда әлемге танымал Sturbucks желісі алғашқы екі кофе дәмханасын ашады. Бұл туралы компанияның ресми хабарламасында айтылған.

«Біз Қазақстанда кофе дәмханаларын ашуға қуаныштымыз. Біз елде бай кофе ішу мәдениеті қалыптасқанынан хабардармыз. Sturbucks те алматылық ритейл-нарықтың бір бөлшегі болатын кез келді. Біз жақын арада Қазақстанда Sturbucks қайталанбас стилін енгізу мүмкіндігіне өте қуаныштымыз», - деп атап өтті компанияның лицензиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Рис Айли.

Sturbucks алғашқы кофе дәмханалары Mega Alma-Ata және Mega Park сауда ойын-сауық орталықтарында орналасатын болады.

Сонымен қатар хабарламада кофе дәмханаларының дизайнында жергілікті мәдениет пен өнер ерекшеліктері ескерілетіні айтылған.

Бүгінде Sturbucks желілерінде бүкіл әлемде 22000-нан астам кофе дәмханалары бар.

Қазақстанда лицензия иегері «Алшая» компаниялар тобының толыққанды мүшесі «Алшая Қазақстан» ЖШС болды. «Старбакс Кофе Интернешнл» және «Алшая» 1999 жылдан бері Sturbucks желісінің сату нүктелерін ашу жөнінде әріптес болып келеді.