Оны қабылдауға Алматы орталық стадионы, Тиран ұлттық стадионы (Албания), «Динамо» стадионы (Минск, Беларусь), «Самми Офер» Хайфы аренасы (Израиль), Хельсинки олимпиада стадионы (Финляндия), «Зимбру» стадионы (Кишинев, Молдова), «Уиндзор Парк» (Белфаст, Солтүстік Ирландия), Ниццедегі «Стад-де-Нис» аренасы (Франция) және Портудағы «Драгау» стадионы үміткер болды. Бұл жарыста португалдық «Драгау» аренасы жеңіске жетті.
Сондай-ақ, 2019/20-Чемпиондар лигасы маусымының финалы Ыстанбұлдағы «Ататүрк» стадионында (Түркия), ал Еуропа Лигасының финалы - Гданьсктегі «Гданьск аренасында» (Польша) өтеді.