«Алматыда 30 қаңтарда ҚР ҚК әскери полициясы Гвардия гарнизоны 21450 әскери бөлімінің із-түзсіз кеткен мерзімді борышын өтеуші сарбаз Жанболат Бозбановты тапты», - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 19 жастағы Атырау облысының тумасы 21 қаңтарда өз еркімен әскери бөлімді тастап кеткен еді. Оған әскери полиция іздеу салған болатын.