Алматыда 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 923 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 145 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомдық белгілермен – 140, симптомсыз – 5 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 188, келіп түскені – 81.

«Инфекциялық стационарларда 923 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 92 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 41 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 970 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, жеңіл және орташа ауыржағдайда – 1887 науқас. 83 адамда коронавирус белгілері жоқ.