Әлішер Нұрмұхамбетовті жақындары 16 маусымнан бері таппай отыр. Ұялы телефоны өшірулі.
Жігіттің әпкесі Нұрмұхамбетова Макираның айтуынша, інісі Достық көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істеген.
Нұрмұхамбетовтер отбасы Талдықорғанда тұрады. Ата-анасының жалғыз ұлы Әлішер Алматыға бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге келген. Әке-шешесі ересек баласының өміріне өте көп араласпайды екен.
«Соңғы рет әріптестері оны 16 маусымда көрген. Жалақысын алып кеткен. Содан оны ешкім көрмеді. Алматыда ол туысқандарымызбен тұратын. Олар да 20-маусымнан бастап дабыл қағып жатыр», - деді әпкесі Макира.
Оның айтуынша, Әлішердің ешқандай жаман әдеті жоқ. Достарының бәрі жаман әдеттен аулақ жандар.
Нұрмұхамбетовтер отбасы ертең баласының жоғалғаны туралы полицияға хабарласуға Алматыға жол тартпақ.
Олар баласының аман-есен табыларына үмітті.