«Өткен жылдың 1 ақпаны мен осы жылдың 16 қаңтар аралығында қалада 1 087 017 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 035 121 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 538 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 33 510 адам салдырды. Оның ішінде 1842 жүкті әйел, 6 908 бала емізетін ана және 24 760 жасөспірім бар.
83 815 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкерлері жұмылдырылды» - деп мәлім етті қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.