Алматыда 24 жастағы алаяқ қарттар мен балаларды алдап келген

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тағы бір сериялық алаяқ - 24 жастағы Мөлдір Әшірбекова қолға түсті. Ол қарттар мен балаларды алдап келген.

Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бойжеткен алдау арқылы бөгде адамдардың сеніміне кіретін болған. Сөйтіп, олардың үйлеріне кірген соң, ақша немесе құнды заттарды ұрлап кетіп отырған.

Осылайша бір ғана Бостандық ауданының өзінде 20 адам зардап шеккен.

Мысалы, М. Әшірбекова биылғы жылдың наурыз айында 80 жастағы қарт ананың пәтеріне кіріп, оның қымбат бұйымдарын жымқырып кетті.

Бойжеткен тұтқындалып, таяуда 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Қазір оның қаланың басқа да аудандарында жасаған қылмыстық әрекеттері анықталып отыр. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.