Алматыда 240 мыңнан астам адам ревакцинация жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 2 825 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 1 206 адам, 2-компонетін 1 619 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 24 ақпаны аралығында қалада 1 137 561 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 093 777 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 906 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.

241 605 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.