Сонымен қатар ол жастарға өздеріне қажетті жұмысты қайдан және қалай іздеу керектігін, оларға осы бағытта кімдер, қандай қолдау көрсете алатыны туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикердің сөзінше, бүгінгі күні жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 4306-дан астам бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді орналастырған.
Жыл басынан бері 25 221 адам жұмысқа орналасса, оның 13 343-і тұрақты, 11 878-і уақытша жұмысқа кірді.
«Азаматтар мен жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 2018 жылдан бастап қызметтерді электронды форматқа көшіруді жүзеге асыру басталды. Бүгінгі күні барлық қызметтер онлайн түрде көрсетіледі, бұл өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алу, жұмыс беруші үшін бұл бос жұмыс орындарын жариялау, кадрларды іріктеу, белсенді шараларға қатысуға өтініш беру», - деді Сағындық Кенжебаев.
Сонымен қатар, ол биыл 3 қазаннан бастап 2023 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарына қатысқысы келетін жұмыс берушілердің өтініштерін қабылдау басталғанын айтты. Қабылдау айдың соңына дейін жүргізіледі.
«Жұмыс іздеушілерді тарту мақсатында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, стихиялық «еңбек биржаларында», базарларда, халық көп жиналатын орындарда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Алтын Орда» әмбебап базары ауданындағы «Барлық», «Барахолка», «Сары Арқа», Шолохов көшесі бойындағы «Алматы 1» сияқты базарлар қамтылды», - деді спикер.