«Бірінші тоқсанда 26 оқушы коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың екеуі штаттық режимде оқыған. Қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, балалардың ата-аналары мектепке жібергенде қоғамдық орынға жібергенін түсінгені абзал. Ата-аналар тарапынан барынша инфекцияны жұқтырмаудың амалдары жасалғаны дұрыс»,- деді Қайрат Жұманов.
Бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин екінші тоқсаннан бастап 1-5 сыныптарға кезекші сынып ашуға рұқсат бергенін жазған болатынбыз.
Ал бірінші тоқсанда 1-4 сыныптарға ғана рұқсат етілген еді.
140 мемлекеттік мектепте 985 кезекші сыныбы ашылды. Бұл сыныптарда 12 928 бала оқыған.
56 жекеменшік мектепте 582 кезекші сыныбы ашылып, 7 056 бала білім алды.