31 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 195 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 160, симптомсыз – 35 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 390, келіп түскені – 131.
«Инфекциялық стационарларда 1515 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 680), оның ішінде 51 бала емделуде» деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 118 адам жатыр.
Ал 27 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 745 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 485 науқас.
260 адамда коронавирус белгілері жоқ.