31 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 206 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 189, симптомсыз – 17 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 14, келіп түскені – 63
«Инфекциялық стационарларда 1 039 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 35 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 93 адам жатыр.
Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 35 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 124 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2038 науқас. 86 адамда коронавирус белгілері жоқ.