«Шет елдік ұлттық студенттік спорт федерацияларына ойындарға қатысу жөнінде хаттар жөнелтілді. Уақыт тәртібіне сәйкес, ойындар басталғанға дейін бір жыл бұрын, Универсиаданың ресми сайтында делегацияларды аккредитациялау шарасы басталады», - деді Ә. Әбдуәлиев.
Ол сонымен қатар, жарыстарға 55 елден 2 мыңдай спортшы қатысатындығын жеткізді.
«Универсиада ойындарын тамашалауға шет елдерден 30 мыңнан астам қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Оларға қызмет көрсетуге 3 мың волонтер жұмылдырылады», - деді Дирекция жетекшісі.
Айта кетелік, қысқы Универсиада ойындары 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтеді. Сегіз нысанда спорттың 12 түрінен жарыстар өтеді.