28 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 222 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 207, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 73, келіп түскені – 101.
«Инфекциялық стационарларда 1 074 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 30 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 104 адам жатыр.
Ал 29 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 44 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 248 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2160 науқас.
88 адамда коронавирус белгілері жоқ.