Бұл шара ата-аналарға өз балаларына білім беру мекемелерін сауатты түрде дұрыс таңдауына мүмкіндік бермек. Былтыр бұл форумға 22 университет, 14 пансион-мектеп пен колледж, 5 тіл орталығының өкілдері қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар биыл қатысушылардың саны былтырғыдан да көп болады деп жоспарлап отыр. Форум бағдарламасына алғашқы күні пансион-мектептер мен колледждердегі тәлімгерлердің ата-аналары және университеттердегі шәкірттердің ата-аналарына арналған конференциялар, «Шетелде білім алу» көрмесі жоспарланып отыр. Көрмеге әлемнің 10 елінен 40-тан астам оқу орындары қатыспақшы. Ал келесі күні онда шеберлік дәрістері, семинарлар және «Халықаралық мансапқа қалай дайындалуға болады: сәтті түйіндеме және сұхбат», «A-level қиындықтар IELTS тапсыру», «Дипломнан кейінгі білім», «Бизнес дәреже: жаңаша ойлау», пайымдау», «Неліктен Ұлыбританияда оқу керек? білім, мәдениете, 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындары және LISC» деген тақырыптарда ашық дәрістер өткізілгелі отыр.
19:17, 01 Сәуір 2011
Алматыда 3-Халықаралық білім форумы өтеді
АЛМАТЫ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 9-10 сәуір күндері 3-Халықаралық білім форумы өтеді. Оны «Интеллект» консультациялық-білім агенттігі ұйымдастырып отыр.