Жалын 22 шаршы метрді шарпып өтті. Өрт болған жерден 89 жастағы әйелдің мәйіті табылды. 45 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
10:17, 02 Маусым 2012
Алматыда 3 қабатты тұрғын үйдің өртенуі кезінде егде жастағы әйел көз жұмды, 45 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт толығымен 1 сағат 12 минуттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.