«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 4 наурызы аралығында қалада 1 146 304 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 104 648 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан қарттардың саны 125 006 адамды құрайды», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 56 956 адам салдырды. Оның ішінде 3 235 жүкті әйел, 12 468 бала емізетін ана және 41 176 жасөспірім бар.
263 632 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.