Алматыда 3 үйге терможаңарту жасалды - Қ.Нұрқаділов

МАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «Алматы» ӘӘК ҰҚ» АҚ бөлген қаржымен 3 үйге терможаңарту жасалды. Олар бұл жұмысқа 120 миллион теңге бөліп отыр.

Бұл жайында бүгін Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасының бастығы Қайрат Нұрқаділов мәлім етті.

Мұндай жұмыстар Манас көшесі бойындағы №9, Байтұрсынов көшесіндегі №79, 12, мөлтекаудандағы №2 үйлерге жасалуда екен. «Қазір олардың жобалау-сметалық құжаттары жасалуда», -дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту бағдарламасы Алматыда үстіміздегі жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл жобаға ену үшін жеке пәтер иелері кондоминиум құрып, Тұрғын үй басқармасына тіркеуден өтулері тиіс. Кондоминиум есебін жылдық 0,3 пайызбен «Қазпошта» өз мойнына алса, пәтер иелері күрделі жөндеудің жалпы сомасының бір бөлігін жинаулары керек. Тек осыдан кейін ғана мемлекет қайтарма ақшаны біртіндеп бере алады.