Алматыда 3 жасар бала коронавирустан жазылып, үйіне шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 4 науқас коронавирустан сауығып, үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Алматыда тағы 4 адам Covid-19 жазылып, ауруханадан шыққан. Оның екеуі - 2017 және 2009 жылы туған балалар. Еркек пен әйелдің жай-күйі ауруханаға түскенде екі жақты полисегментті пневмонияның болуына байланысты ауыр деп бағаланған.

«38 жастағы ер адам 10-14 сәуір аралығында өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Бүгінгі күні ол сауығып, өзн жақсы сезінуде», - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Бүгінгі күні мегаполисте емдеуден шығарылғандар саны - 88 адам.