«ҚазҚСҒЗИ» АҚ институтының қорытындысына сәйкес, нығайтылған және тегістелген үйлер одан әрі пайдалануға жарамды. «Отбасы банк» АҚ пәтерлерін кепілге алу мәселесі жақын арада шешілетін болады», - деді қала басшысы.
«Зерделі» шағын уданындағы бірнеше үйдің мүлік иелері бірлестігінің төрағасы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына шағымданды.
«Сіздер қисайған үйлерді қалпына келтіріп жатырсыздар. Алайда жұмыс сапасыз орындалды. Төбесінен су ағып, қасбеті опырылып жатыр, суағары жоқ, арықтар салынбаған. Саин көшесіне баратын арық желісі №148 балабақшаның жанынан бітеді. Ол жерге су толған соң қайда барады, «Зерделіге». Тағы да су басады. Бұл бағыттағы жұмыстардың ешқайсысы жақсы жүргізілген жоқ», – деп шағымданды тұрғын.
Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков бұл үйлерде ақау бар екенін мойындады.
«Иә, кемшіліктер бар. Біз суағарды білеміз. Үйлердің кіреберісне келетін болсақ, МИБ оларды өздері жасауы керек, біз қасбеттердегі барлық ақауды жоямыз. Құрылыс бөлімімен бірлесе отырып, осы мәселемен айналысып жатырмыз. 5 тамызға дейін барлық кемшілікті жоямыз», - деп жауап берді аудан әкімі.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин үйлердегі барлық ақау жөнделіп, екі айдың ішінде арықтар жалғанатынын айтты.
Алматы әкімдігі 2012-2016 жылдары «Зерделі» шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша 30 көппәтерлі 9 қабатты үй салынғанын еске салды. Алайда пәтерлерде есіктер жылжып, қабырғаларда жарықтар пайда болды, үйлер қисайып кетті.
Еске салайық, 2019 жылы Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Аталған шағын ауданда орналасқан барлық 32 көпқабатты тұрғын үйге тексеру жүргізу үшін 312 миллион теңге бағытталған. Кейін Ерболат Досаев 2 көпқабатты үйді бұзу туралы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қорытындысы барын айтқан болатын.