Жол апаты Наурызбай ауданындағы Строительная көшесінде болған.
Жол шетінде келе жатқан жігіт кенеттен солға қарай жүрем деп, Мерседес көлігінің астына түсіп қалған. Салдарынан жігіт сол жерде тіл тартпай кетті.
Мерседес жүргізушісінің айтуынша, қаза болған адам мас болған.
Жергілікті тұрғындар марқұмды өздерінің көршілері Денис деп шамалады. Олардың айтуынша, сол күні жігіттің әйелі қайтыс болған екен.