«Каталогке 300-ден астам нысан енгізілді. Біргей ғимараттарды анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда. Оларды қайта қалпына келтіру мәселесі қолға алынды. Ең алдымен, өткен ғасырдың 30-40 жылдары салынған үйлердің қасбеттері жөнделеді»,–деді онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.
Сонымен қатар, ол қайта қалпына келтіру кезінде ,ғимараттың тарихи көркі сақталатынын атап өтті.
Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша тарихи көркі сақталуы тиіс ерекше ғимараттар мен нысандардың тізімі жасалады. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет ескерткіштері тізіміне енуі тиіс ғимараттар бойынша түскен ұсыныстарды жинау жобасын іске қосқан болатын. Алматылықтар сақтаулы тиіс ғимарат туралы ақпаратты, аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен суретін almaty.uaig.kz сайтындағы «Бірегей ғимараттар каталогы» айдарына жібере алады.