Спикер «қызыл» мәртебе қозғалысты шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіретінін еске салды.
Алматылықтар бұл мәселеге жауапкершілікпен қарамай, қоғамдық орындарға баруға тырысқан.
Мысалы, 9 сәуірден бастап бүгінге дейін Алматы қаласының 11 051 тұрғынында «қызыл» және 1355 адамда «сары» мәртебесі расталды.
Тексерушілер 3251 «қызыл» мен 431 «сарының» қоғамдық тамақтану орнына баруға тырысқанын анықтады.
«Қызыл» мәртебесі бар тағы 2309 тұрғын сауда орталығына кіргісі келген, 788-і базарлардың кіреберісінде, 796-ы дүкендерде, 446 «қызыл» және 49 «сары» әуежайда анықталды.
Ashyq қосымшасының арқасында ХҚО-ларға 390 вирус жұқтырған және 36 байланысқа түскен адам кірген жоқ.
Вирус жұқтырған 337 тұрғынның кинотеатрларға кірудің жолы кесілді.
«Бұл мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік берді. Оқшаулау режимін бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылады, оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - деді С. Байғабылов.
Ashyq пайдаланушылар тізімінде анықталған 387 «қызыл» және 58 «сары» мәртебесі барлар фитнес-орталықтарға, бассейндерге, тағы «қызыл» мәртебесі бар 186 адам сұлулық салондары мен шаштараздарға кіре алған жоқ.