18:05, 27 Наурыз 2009
Алматыда 3467 үлескері бар 5 тұрғын үй кешенінің жұмысы қайта жалғасты
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда 5 тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары қайта жалғасты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.666 үлескері бар «Тау самал» кешенінің құрылысын «Супер аккорд ? Қуат» пен «Ахсель кент» ЖШС, 2594 үлескері бар екінші кешенді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қаржыландыруымен «Айт хаузинг» ЖШС жалғастыруда. Өзге үш кешенді мердігерлер өзі күшімен салып жатыр. Мәселен Зенков пен Ганди көшелерінің қиылысындағы «Жерұйық» кешенін «Атриксқұрылыс» ЖШС, Зенков пен Жамбыл (153 үлескері бар) және Сәтбаев пен Есентай көшелерінің қиылысындағы (153 үлескері бар) нысандарды «Теңізқұрылыс» ЖШС жүргізуде.