29 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 695 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 601, симптомсыз – 94 науқас тіркелді.
« Инфекциялық стационарларда 3732 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 116 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 252 адам жатыр. Ал 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 84 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5484 пациент бар. Оның ішінде 4831 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 653 адамда коронавирус белгілері жоқ.