«Бүгінгі сайлау науқанына сайлаушылар өте белсенді түрде қатысып жатыр. Сайлау учаскесі таңертең сағат 07:00-де ашылған болатын. Бір қуанарлығы, сайлау учаскесі ашылмай тұрып келіп алғандар болды. Дауыс беруге ең алдымен келген сайлаушыға мен жасы 18-ге толып, бірінші рет дауыс беруге келген сайлаушыға арнайы кәдесыйымызды ұсындық. Ал енді біздің учаскеде тіркелген 2 157 сайлаушының мыңға жуығы қазіргі сәтке дейін таңдауын жасап, дауыс беріп қойды», - деді Э. Бидайбекова.
Сонымен қатар, ол үйде дауыс беретін сайлаушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатқандығын жеткізді.
«Жалпы, бізде 15 сайлаушы үйде дауыс беруге өтініш білдірді. Біз оларға арнайы тасымалданатын жәшіктер апарып, дауыс берулеріне жағдай жасадық. Сондай-ақ, осы сәтке дейін 30-ға жуық есептен шығару талонын тіркедік. Яғни, бұл сайлаушылар талон бойынша бізге келіп дауыстарын берді. Ал өзіміз біздің учаскеде тіркелген 10 адамға есептен шығару талонын бердік», - Э. Бидайбекова.