Алматыда 39 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Алматы қалалық әкімдіктің мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі.
Алатау ауданы: Саин Т.Рысқұловтан Райымбекке дейін, Б.Момышұлы Райымбектен Мөңке биге дейін және Мөңке би Б.Момышұлынан Ә.Мәмбетовке дейін.
Жетісу ауданы: Серіков, Ратушный көшелері мен «Айнабұлақ» ықшамауданы
М.Әуезов ауданы: Райымбек даңғылы, О. Жандосов, Төле би көшелері, «Достық» және «Алтын Бесік» ықшамаудандары.
Алмалы ауданы: Артем, Верещагин, Мәулен, Панфилов көшелері.
Медеу ауданы: «Достық», «Самал» ықшамаудандары мен Горная, М.Төлебаев, Ш.Уәлиханов көшелері.
Түрксіб ауданы: Бартольд, Тренев, Спасская, Некрасов, Клара Цеткин, Земнухов, Сортировочная көшелері.
Бостандық ауданы: Құсайынов, Лисянский, 20 линия, Радостовец, Ә.Тәжібаев, Шмелев көшелері.